Қызылорда мен Түркістан облысының оқушылары робот құрастырып жарысты. Қазығұрт ауданы Кәрімберді Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектепте екі облыстың оқушылары арасында Turkistan, Kyzylorda first Championship атты өзара сайыс өтті. Басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту.
Робототехника сайысының басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытып, бірнеше пәннің үйлесімін табуы арқылы білімдерін жетілдіру. Оқушылардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік технологияларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында робототехника бойынша шеберлік сағаты көптеп ұйымдастырылады дейді ұстаздар.
Қаныш Сатпаев атындағы мектеп лицейі оқушысы Ақжол Нұрасылдың мына еңбегі келешекте ауыл шаруашылығына, су реттегішке пайдалануға болады дейді. Ол бағдарлама жасау барысында математика. Информатика. Физика, геометрия пәндерінің элеметтерін пайдаланыпты. Қазығұртта робот құрастырып, ғылыммен шұғылданатын таланты жастардың қатары көп. Олардың осындай шығармашылықпен айланысуы болашық мамандықтарын таңдап алуына да жол ашуы әбден мүмкін Оқушыларды Робототехникаға айналысыуна мүмкіндік жасап, мектепке керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіпті. Жалпы жарыс қортындысы бойынша  республикалық жолдаманы Қазығұрт ауданының Rob, Creator командалары, Қызылорда облысына бөлінген 2 жолдаманы Roboimaq, ASTRO командалары ұтып алды. Ендігі кезекте қазығұрттық команда Түркістан облылысының намысын Астана қаласында 23-25 ақпан күндері өтетін Central Asia first championship чемпионатында қорғайды.