Түркістан қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов облыстық полиция департаментінде болып, жаңа « қызмет орталығының » ашылу салтанатына қатысты. Екі қабаттан тұратын ғимаратта бір мезетте 50 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндіктер қарастырылған.
Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов екі қабаттан тұратын ғимараттың ішкі жұмысымен таныстырып шықты. Сервистік орталық аптасына бес күн, таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мұнда арнайы күту залы мен полицияның қызмет көрсету орындары қарастырылған. Күту залында отырып келушілер теледидар қарауға, газет журнал оқуына және ыстық кофе, сынды сусын ішуіне мүмкіндіктер де бар. Сондай-ақ бейнебақылау камераларымен, интернетпен, заманауи құрал-жабдықтармен және арнайы жиһаздарымен жабдықталған. «Орталықта тұрғындарға түрлі бағ ытта қызмет көрсетіліп, халықтың полицияға қатысты сұрақ тары жедел қаралатын болады», - деп атап өтті генерал. Бір мезетте 50 адамға қызмет көрсете алатын орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы азаматтарға да жағдай жасалынған. Мәселен олар екінші қабаттағы мамандарға көтерілмей-ақ, бірінші қабаттағы арнайы бөлмеден бірден қызмет алуына болады. Онда 10-нан астам полиция қызметкері, яғни көші- қон әкімшілігі, жергілікті полиция салалары мен басқа да мамандар қызметтерді ұйымдастырумен қатар кеңестер де береді. Орталықтың материалды –техникасының қамтамасыз етілуімен танысып, қызметтік бөлмелерді қарап шыққан Еркін Ботақанов өзінің оң бағасын беріп, мұндай орталық ашудағы басты мақсат – халыққа дер кезінде сапалы қызмет көрсету, қоғам мен ашық диалог пен кері байланыс орнатып, азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру, облыс тұрғындары мен қонақтарына сауатты консультациялық көмек көрсету үшін маңызды екендігін атап айтты. Шара соңында генерал-лейтенант Еркін Советбекұлы облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығының ғимараттарын аралап, кезекші бөлім, қызметтік кабинеттер, спорт зал, тир, мәжіліс залдарын аралады.