Отбасы банк шымкенттік салымшылар үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтіп отыр. Енді екінші деңгейлі қаржылық ұйым арқылы тұрғынүй кешендерін жеңілдетілген несие арқылы алуға болады. «Сандық» бағдарламасымен ОKS Group компаниясы салып жатқан тұрғын үйлерге қалай қол жеткізуге болады? Перизат Биназарқызы айтып берсін.
 Отбасы банк өз салымшыларын тағы бір жағымды жаңалығымен қуантып отыр. Енді шымкенттіктер тұрғынүй кешенінің 50 пайыз ақысын алдын ала төлеу арқылы 50 пайызын 7-8 пайыздық жеңілдетілген несие арқылы алу мүмкіндігі туып отыр. Бұл жеңілдік тек ОKS Group компаниясы салған баспаналарға тиесілі.
 ОKS Group шымкенттіктерге сапалы ғимараттар салумен танымал. Қазір  компания мегаполисте 5 тұрғынүй салып жатыр. Олардың басым бөлігі Шымсити шағын ауданында орналасқан. «Модерн» және «Асар Хаус» тұрғынүй кешендерін «Сандық» бағдарламасы арқылы алуға болады.
«Сандықтың» ерекшелігі сол – бастапқы төлем жасағандар үшін баға келісімнен ауытқымайды. Яғни келісімшарт инфляцияға тәуелді емес. Сондай-ақ, банк салымшылары бағалау көрсеткішін 5 пайызға жеткізуі міндеттеледі.