Ана мен бала денсаулығы – басты назарда. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары осылай деп отыр. Оның айтуынша, өңірге қарасты балалар ауруханасында жылына 18 мыңға жуық науқас ем қабылдайды. Оларға жоғарғы бейінді медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Түркістан облысы бала саны бойынша республикада көш бастап тұрғаны белігіл. Бұл бүлдіршіндердің денсаулығы мен өмір салтына база назар аудару керек деген сөз. Қазір өңірде балалар кардиохирургиясы, неанотология саласы сұранысқа ие. Басқарма тарапынан мұндай медициналық көмек түрлері ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданында орналасқан облыстық балалар ауруханасында қазір жоғары технологиялы аппараттар орнатылып, жұмыс істеп тұр. Бұл дер кезінде диагноз қоюға, тіліксіз операция түрлерін жасауға мүмкіндік беріп отырған ғылыми жетістік. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы барлық аудан, қалаларда ана мен балаға ерек көңіл бөлініп, барлық керекті медициналық көмек түрлерімен қамтуға жағдай жасалмақ.

Облыстық балалар ауруханасында қазір 27-ге жуық бейімделген стационарлық көмек беріліп жатыр. Негізгі миссия – балаларға әрі қолжетімті әрі жоғары сапалы көмек көрсету. Әсіресе, аймақтағы балаларды дәрігерлер порталға енгізіп, керекті аппараттарға түсу мүмкіндігін туғызуы қажет.