Өткен жылы Шымкентте аса ауыр санаттағы қылмыс жасағандар түгелдей жазаға тартылған. Сот үкімдерімен жалпы 73 тұлға кінәлі деп танылған және олардың барлығына да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылдың 12 айында атқарған жұмысы БАҚ өкілдеріне баяндалды.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жалпы 103 тұлғаға қатысты 74 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Оның ішінде 16 тұлғаға қатысты 5 іс алдын ала тыңдау және басты сот талқылауы сатысынан прокурорға қайтарылған. 5 тұлғаға қатысты 5 іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалған.2 тұлғаға қатысты 1 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған, ал 56 тұлғаға қатысты 33 іс есеп беру мерзімінің келесі кезеңіне қалдық ретінде өткен.
ҚК-нің 120, 121-124 баптарының 3, 4 бөліктері 12 қылмыс тіркелген. Яғни
кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерге қарсы жасалған жыныстық немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер аса ауыр қылмыстың 10 пайызын құрайды. Аса ірі көлемдегі есірткі немесе психотроптың зат-тардың заңсыз айналымы бойынша 59 қылмыс тіркелген оның ішінде 2 іс прокурорға қайтарылған
2023 жылыАуырлығы орташа санаттағы қылмыстар бойынша 5 тұлға кінәлі деп танылып, 5 тұлғаға (қайта саралаумен) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған . Ауырлығы онша ауыр емес санаттағы қылмыстар бойынша 3 кісі кінәлі деп танылып бірі ақталып екеуіне жаза тағайындалған.