«Үкіметтік емес ұйымдар бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың атқарар жұмысы әртүрлі. Деседе бағыты бір. 27 ақпан дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні болғандықтан бүкіл әлем бұл күнді атап өтіп жатыр. Осы орайда Шымкент қаласының «Азаматтық альянсы» ауқымда іс-шара ұйымдастырыпты. Шаһарда бір апта бойы түрлі жиындар мен конференциялар өтеді. Оған көрші мемлекеттердің үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысады деп жоспарланған.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі таңда шағын клубтардан бастап, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін ірі қауымдастықтар бар. Мәселен әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігі талай отбасының проблемасын оңтайландырып берген.  Олардың ішінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтар да бар.

Елімізде үкіметтік емес ұйымдарға қолдау әрқашан бар. Олар түрлі жобаларға қатысып мемлекеттік тапсырыс алады. Жалпы ҮЕҰ айналысатын сала өте көп. Арнайы бас қосқан жиында ҮЕҰ мүшелері өзекті мәселелер көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 457 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Деседе оның 78-і ғана белсенді жұмыс жасайды дейді азаматтық альянс төрағасы.  Айта өтейік, іш-шара барысында ҮЕМ дармен етене жұмыс істеген белсенділер алғыс хатпен марапатталды.