Папиллом көзге жай ғана сүйел болып көрінгенмен аяғы ауыр дертке алып келуі мүмкін. Сондықтан сыздамайтын ауруға селсоқ қарауға болмайды –дейді дәрігерлер. Осыны алға тартқан мамандар баспасөз брифингін ұйымдастырды. Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардан қорғау мәселесін көтерді.
Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне жол бермеу басты мақсат. 2024 жылы Ұлттық егу күнтізбесіне сай жоспарлық егуді алмаған 1 жастан 18 жас аралығындағы балаларға ілеспелі иммундаумен егу жүргізіледі.Кейбір вакцинамен басқарылатын инфекциялар соңғы кезде халық арасында бас көтеріп, эпидемиологиялық ахуалға әсер етуде.Қоғамда егілмегендер мен вакцинадан бас тартқандар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді –дейді мамандар.
Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді.
Адамның папилома вирусы инфекциясы мен инвазивті қатерлі ісікке өту арасындағы аралық әдетте 10 жыл немесе одан да көп.. АПВ жоғары онкогенді екі түрі жатыр мойны обырының 98%, вульва және қынап обырының 80%, тік ішек қатерлі ісіктің 92%, ауыз қуысының қатерлі ісігінің 95%, ауыз қуыс-тамақ қатерлі ісіктерінің 89%, ер кісінің жыныс мүшесі қатерлі ісігінің 63% құрайды.