Шымкентте «Парктер шеруі-2024» республикалық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастаманың мақсаты – жергілікті тұрғындар мен жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру. Игі шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ашылғаннан бері 18-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы табиғатты қорғау акциясы Шымкент қаласындағы орталық саябақта өтті.
Жылдан жылға “Парктер шеруі” акциясы жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті халық пен жастардың тарапынан қолдауға ие болып жатыр. Бұл ретте, жер бетінен жойылуға шақ тұрған өсімдіктер мен жан-жануарларды қорғау – әр адамның міндеті болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемарына халық пен биліктің назарын аудару мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгі шеруге, табиғат жанашырлары мен қоғам белсенділері, сондай-ақ, жастар қатысты. Осы орайда, өсіп келе жатқан жас буынды табиғатты сүюге шақырған аға буын, экологиялық мәселелерге қоғамның оң көзқараспен қарап, табиғат тазалығын сақтауды сұранады.
Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған Парктер шеруі-2024 табиғатты қорғау акциясы өңірімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Бастапқыда Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында ұйымдастырылған бұл шеру 2017 жылдан бері облыс көлемінде дәстүрге айналған. Пандемия кезінде табиғатты қорғау акциясы онлайн форматта жалғасқан екен.