2 сәуір - Халықаралық Балалар кітабы күні. Бұл күн әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне сәйкес келеді. Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде 249 балалар кітапханасы бар. Жыл басынан бері облыстарда, аудандарда, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 733 686 жас оқырман келген.

1967 жылдан бастап бұл күн Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңеспен бекітілген Халықаралық балалар кітабы күні тойланады. Неміс жазушысы Йелла Лепма балалар кітабы күнін өткізудің бастамашысы болды.Айтулы күн Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде де түрлі мәдени шаралармен аталып өтіледі.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 6 балалар  кітапханасы жұмыс жасайды.Жалпы мамандардың айтуынша  жеткіншек балалар күніне кем дегенде бір сағат уақытын кітап оқуға арнауы қажет дейді.

Айта кетейік, орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде қазіргі таңда 417-мыңнан астам кітап қоры бар.Ал,  жыл басынан бері 75-мыңнан астам жаңа оқырмандар тіркелген.