Шымкентте 10 өрт сөндіру бекеті бар. Барлығы дерлік заманауи құрылғылармен жабдықталып, керек мамандармен толыққан. Өткен жылы пайдалануға берілген №9 өрт сөндіру бекеті Нұрсат мөлтекауданы тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауда табанды еңбек етіп отыр.

№9 Шымкент қалалық өрт сөндіру және авариялық құтқару мемлекеттік мекесінде 107 жеке құрам бар. Өрт сөндіру депосы толық материалдық-техникалық құрылғылармен қамтылған. 125 қызметкер 4 ауысымда қызмет атқарады.  Кезекшіліктегі қызметкер 24 сағат бойы өрт авариялық құтқару қызметіне дайын тұрады.

 Мамандар үшін таңғы уақытта тәжірибелік және практикалық дәріс өткізіледі. Сондай-ақ құрылғылар мен техникаларды күтіп ұстау, тиісді пайдалау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Айтып өтейік, мегаполиске 10 өрт сөндіру бекеті аз. Жоспар бойынша олардың саны 22 болуы қажет. Қазір бұл мәселе кезек-кезеңімен жүзеге асып келеді. Өткен жылы қала аумағында 2 бекет пайдалуға берілсе, биыл тағы 1 бітуге таяу. Сондай-ақ Тұран шағын ауданында тағы бір депоның құрылысы басталады.