Еліміздегі әр үшінші баланың дамуы кешеуілдейтін көрінеді. Бұл - мамандар келтіріп отырған статистика. 2 сәуір, яғни бүгін – аутизмге қатысты ақпарат тарату күні. Соңғы 5 жылда аутизммен өмірге келетін балалар көбейіп кетті. Мамандардың бірі бұл жағдай бұрын болмаған десе, ендібірі «жоқ, болған, тек оны анықтайтын, диагноз қоятын ғылым болмаған» деседі.  

 Аутист баланы кез-келген ата-ана өмірге әкелуі мүмкін. Бала бір жасқа жақындағанда аутизмді анықтайтын тест тапсырып, ата-ана баласындағы өзгерістерді бақылап отыруы қажет. Ерте ем алу өте маңызды. Түзету арқылы айықтыруға болады. Басқа жол жоқ. Аутистер сырт көзге өте сұлу, физикалық денсаулығы мықты болады.

 «Аутизм» терминін алғаш рет швед психиатры Эй¬ген Блейлер 1911 жылы аш¬қан екен. Грек сөзінен аудар¬ғанда «өзім» деген мағынаны білдіреді. Терминнің өзі ай¬тып тұрғандай, аутизмге шал¬дыққан бала өз әлемі¬мен өзі болып, сыртқы құ¬бы¬лыс¬тарды, өзгерістерді мүлде қабыл¬дамайды. Тіпті үйінде өзі үйре¬ніп қалған жиһаздарды, тұс-қағаздарды ауыс¬тырса да ашуланып, қарсылық ретін¬де айғайлап, жылап, мінез көрсетеді. Аутист жандар бір нәрсемен ұзақ уақыт бойы айналысып отыра береді, бірыңғай ойынды ойнап, бір қимылды қайталай беруі мүмкін. Дәрі¬герлердің сипат¬тауы бо¬йынша, бала атын атап шақырса елең қылмайды, көз¬ге тіке қарамайды, ды¬быс¬қа, басқаға реакциясы болмайды

Аутизм – әлем ғалымдарының басын ауыртып отырған ауру. Сырқатқа қандай факторлар әсер ететіні белгісіз. Бір анығы – ми жүйесіндегі ауытқуды ауыр түрі. Жалпы, аутизм ер балаларда кө¬бірек кездеседі екен. Ата-ана¬лардың 78 % баласының бойындағы ауыт¬қушылықты 2 жасына қарай байқаса, аутизм диагнозы көбінесе 4 жастан асқанда қойы¬лады екен. Ал бұл балалардың ата-аналары мен мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, мемлекет осы диагнозға тиісті деңгейде көңіл бөлер деп әлі үмітін үзбей келеді...