Жұмыла көтерген жеңіл. Шымкенттік халық қалаулылары Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Қайырымдылық іске кәсіпкерлер, қалалық мәслихат депутаттары қолдау көрсетті.

Қайырымдылық қайырлы іс. Қалалық мәслихат депутаттары айтып келмес апаттың әлегіне түскен Батыстағы ағайынға қол ұшын созып, материалдық көмек жіберуде. Жүк көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмысына қажетті заттар бар. Бұдан бөлек азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шәй, дәнді дақыл өнімдері бар.  

Қаражат жинауд Шымкенттік депутаттар бір ауыздан қолдап, көрші аймақтағы отандастарымызыға қол ұшын созуға ниет білдірді. Сондай-ақ, қалалық Жастар рухының белсенділері су тасқыны орын алған аймақтарға барып, көмек көрсететін болады.