Түркістан қаласында волейболдан 21 жасқа дейінгі жоғарғы лига әйелдер командалары арасында ҚР ХХХІІ чемпионатының плей-офф ойындары басталды. Сәуір айының 01-08 аралығына жоспарланған волейбол бәсекесіне елімізден 8 команда қатысып, бас жүлдеге таласып жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде «Алтай-2» мен «Қарағанды-2» командалары кездесіп, 3:0 есебімен қарағандылықтардың пайдасына шешілді. Ал «Алматы-2» мен «Жетісу-2» командалары арасындағы ойында 3:0 есебімен «Алматы-2» құрамасы жеңіске жетсе, «Қуаныш-2» мен «Берел-2» командалары арасындағы ойында өскемендік бұрымдылар қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ, алаң иелері «Тұран-2» мен «Айқаракөз-2» командалары арасындағы кездесу өте тартысқа толы болды. Нәтижесінде талдықорғандық арулар 2:3 есебімен «Тұран-2» құрамасын жеңді. Айта кетейік, алда тағы ойын бар. Екінші кездесуде тұрандықтар жеңіске жетсе, үшінші күні шешуші ойынды өткізіп, ақтық сынға жолдама алатын команда белгілі болады. Енді жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 8-ші сәуір күні анықталады.