Шымкентте бұлақ көзінен бастау алатын «Қошқар ата» өзені қан қызыл түске боялды. Өзеннің өзгергенін байқаған тұрғындар, әлеуметтік желіге видео жүктеді. Олардың ойынша, өзенге зиянды қалдық төгІлген болуы мүмкін.

Экологтар судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр. Зертханалық талдау қорытындысы алдағы күндері белгілі болады,-дейді. Сол кезде табиғатқа келтірілген залалдың нақты мөлшері айтылады. Полиция дерек бойынша кінәлілерді іздестіріп жатыр. Табиғат жанашырлары «Бадам», «Қара су», «Қошқар ата» өзеніне құятын барлық арнаға суды сүзгіден өткізетін құрылғы қою туралы бастама көтеріп жүр. Жергілікті билік өкілдері бұл мәселе 2025 жылға қарай шешімін табатынын айтады.

 Ермахан Қозыбаев, Шымкент қалалық экология департаментінің басшысы
- Алдын ала болжам бойынша қазіргі уақытта «Аммоний құрамдарының» превышениесі болып тұр. Қан ба, краска ма әлі анықталған жоқ. Оны әлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар полиция жұмылдырылған. Кез-келген өзенге түсетін жаңбыр, қар суларына тазалау қондырғылары қойылуы керек. Әкімшіліктің өздеріне алған міндеттемесі бар. Енді Құдай қаласа соны күтіп отырмыз.