Шымкентте жалдамалы пәтерде есірткі өсірген 37 жастағы азамат ұсталды.  Арнайы іс – шара барысында Volkswagen Touareg автокөлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығын тапқан.

Әрмен қарай, оның жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген. Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 дана бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар. Бүгінгі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.