Шымкент қаласына үш айда 98,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жалпы жауаптылар жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ жиында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де талқыланды.
Шымкентте 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Ал, жыл басынан кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі артқан . КөрСеткіш 250,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артқан. Сондай-ақ инвестиция тарту бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр дейді сала маманы.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында биыл жылға 21,05 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның 18,65-і республикалық бюджеттен болса, 2,4 млрды жергілікті бюджет есебінен екен.
Сондай-ақ брифингте бөлшек сауда жайында да айтылды. Мәселен қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша шаһардың бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызды көрсетті.