Шымкенттік журналистер қолындағы қаламын күрекке айырбастады. Ақпарат саласының қызметкерлері   ҚР журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен  Дендрологиялық саябақта ағаш отырғызды. Осылайша төртінші билік өкілдері  жасыл желекке оранған мегаполистің көгалдануына өз үлесін қосты. Игі шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенділері де қолдау білдірді.

Төртінші билік өкілдерінің игі бастамасына ақпарат саласының ардагерлері мен белсенділері жиналды. Сондай-ақ, журналистика саласының майталманы Бақтияр Тайжан да өз көшетін отырғызды.

 Игі іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында жүзеге асырылды. Ел президентінің 2 миллиард тұп ағаш отырғызу тапсырмасын үшінші мегаполистегі түрлі сала қызметкерлері қолға алған. Дендрологиялық сябаққа тілшілер 50 түп ағаш екті. Журналистерге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері де қолдау білдірді.

Айта өтейік, биыл шаһардағы көше бойлары мен саябақтарда 120 мың түп ағаш отырғызылады деп жоспарлаған.  Олардың басымы 4 метрлік қылқан жапыратқы ағаш болады.