Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.  Тұран ауданының тазалықшылары бүгін көше бойын шөптен тазартып, аялдамаларды жуды. Ел аумағында қолға алынған науқанға жеке азаматтар да үн қосуда.  5 апта бойы белгілі бір тақырыпқа бағытталған экологиялық іс-шаралар үздіксіз жалғасатын болады.

 «Таза өлке» апталығы аясында Тұран ауданына қарасты аялдамалар, аяқжолдар жуылып, орталық көшелер тазаланып жатыр. Сондай-ақ, ішкі орам жолдарды тазартып, балалар алаңшапларын жуып, әкетеу, сырлау жұмыстары да қарқын алған. Игілікті іспен «Тұран» коммуналдық мекемесі айналысуда.

Бұл бастамаға мердігер мекемелер де өз техникаларын жұмылдыруда. Ауысыммен еңбек ететін жұмысшылар күндіз түні еңбек етуде. Атап айтқанда күндіз гүл, талдарды қопсытып, шөп жұлған мамандар түнде орталық көшелерді жууда.

Айтып өтейік, акция 5 аптаға жалғасады. «Таза өлкеден» соң «Киелі мекен» апталығы басталады. Мамандар бұл күндері тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.