Сайрам ауданында үстел теннисінен  жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат басталды. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қаласынан бөлек Түркістан  облысы аймақтарының   спортшылар бақ сынап жатыр.

Екі  күнге жалғасатын  сайыста теннисшілер командалық, жұптық және жекелей сында жарысады.Чемпионатқа 2006-2009 жылғы жасөспірімдер қатысуда. Төлеби ауданынан келген жас теннисші Балауса Алшынбай,  3 жылдан бері үстел теннисімен айналысады. Жасөспірімнің  ширақ қимылы, айқын лақтырулары төрешілерді тәнті етті.

 Жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Үстел теннисінің басты ерекшелігі мұнда жас және салмақ дәрежесі жоқ. Байқау талабына сай 2006-2009 жылғы жеткіншектер бір-біріне қарсылас атана береді.

Бүгінде , елімізде үстел теннисінің даму қарқыны жоғары, осылай дейді мамандар.