«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Үшінші мегаполисте анықталған локациялар бойынша санитарлық жұмыс 5 ауданда жүргізілді. Алдымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған топ Ордабасы алаңында, Қошқар ата өзенінің жағалауын мен Тәуелсіздік саябағын күл қоқыстан арылтты. Эко акцияға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қатысып үлес қосты.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталады. Оған қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлері және еріктілер мен театр әртістері қатысты. Олар белгіленген орындарда санитарлық тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмысын жүргізді. Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков те іш-шараға қатысып, Қошқарата өзенінің бойын тазалады.
Акция аясында Әл Фараби ауданының оралық аумақтары, саябақтар мен гүлзарларда санитарлық жұмыс жүрді. Оған 4500 дей азамат қатысып ат салысты. Сондай-ақ 51 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 130 текше метр қоқыс шығарылды.
Әл фараби ауданында 920 көпқабатты тұрғын үй болса, әр-бір үй тұрғындары өз ауласында тазалық жұмысын жүргізді.
«Таза өлке» тақырыбында өткен акцияға қала бойынша 2000 ға жуық егде жастағылар қатысты. Сонымен қатар сахна саңлақтары, театр әртістері де игі істің басы-қасында жүрді.
Санитарлық тазалау жұмысы Қаратау ауданы бойынша 3 орында өтті. Оған 150 тазалық қызметкері, 200 кәсіпкерлік нысан иелері мен жүзден аса тұрғын қатысты. Сонымен қатар 20-ға жуық ардагер мен 50-ден аса жастар қатысты.
Қаратау ауданындағы сенбілік жұмысына 8 техника жұмылдырылып, 18 шаршы метр қоқыс шығарылды. Айта өтейік, сенбілік 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ» «Мөлдір бұлақ» апталығымен жалғасатын болады.