Орталық Азия Инновациялық университеті Батысқа гуманитарлық көмек жіберді. Білім ошағының ұжымы мен  студенттердің еріктілігімен жиналған бұйымдарды ұстаздар өздері бастап Оралға алып кетті.

Игі іске жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер атсалықан.  Күшіміз бірлікте деп аталатын көмеке гигиена құралдары, азық-түлік, жылы бұйымдар мен өзге қажетті заттар бар.

Айтып өткен жөн, Орталық Азия Инновациялық университеті қайырымдылық шараларынан қол үзіп қалған емес. Қашанда қиналғанға демеу бола білетін ұжым бұл жолы да көмек қолын созуда аянып қалмады.

Зардап шеккен халыққа қажетті бұл заттар Оралға жеткізіледі. Сол мекендегі оқу орны ұжымдарына тапсырылмақ.