Қазақтың үш бірдей бәйтерегі атанған тұлғалардың туғанына биыл 130 жыл толады. Бәйтерек деген тек биіктен көрінетін, қай жерде тұрса да, сол жердің символы болатын құнды зат. Олар салт пен дәстүрді дәріптеп, ұлтты сүйреген Ұлы тұлғалар. Қазақтың үш бәйтерегін бүгіннің ұрпақтары біле ме? Эксперимент жасап көрген едік.

Үш бәйтерек бір жылда туып, бір жылда өмірден өткен қазақ тарихында есімі өшпестей қалған тұлғалар. Олар – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіров. Үшеуінің де мақсат пен мұраты, арманы бір болды. Сол заманның қатігездігіне қасқая қарсы тұрып, адамгершіліктің үнін асқақтата білді. Жастар мен оқушылардан үш бәйтеректің суретін көрсетіп, тани ма екен білуге тырыстық. Эксперимент нәтижесі мынадай болды.

 Өкінішке қарай, сауалнамаға қатысқандардың 100 пайызы, тым болмаса әрбір екінші адам тұлғаларды танитын шығар деп едік, күткеніміздей болмады. 90 пайызы білмейміз десті немесе шатастырып жатты. Бұдан шығатын қорытынды – иедологиялық жұмыстарды күшейтіп, үгіт-насихатты арттыру қажет шығар. Себебі, олардың ұлт қалыптастыру мен қазақтың көзін ашудағы еңбегі орасан зор, үлесі мол. Ұлттық сөз өнері, азаматтық бейне, беделі мен қайраткер қаламгерлігімен де биік белеске елдің еңсесін көтеріп кетті. Ұлт тұлғаларының есімі  мен бейнесі бүгінгі ұрпақ жадынан орын алуға әбден лайық.