Шымкентте мас халдегі ер адам көлік ұрлаған. Оқиға жексенбінің таңертеңінде орын алды. Достарымен өткізген көңілді басқосудан кейін 29 жастағы тұрғын, бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған «21099» маркалы көлікті  бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.
 

Көлігінің жоғалғанын көрген иесі жайт туралы бірден полицияға хабарлаған.Ұрланған автомобильді іздеуге полиция департаментінің тәртіп сақшылары тауып, заңды иесіне қайтарды. Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Жолын жаяу жалғастырған азаматты патрульдік полицейлер ұстады.Ол заңсыз әрекетін масаң күйде болдым деп ақтағысы келді. Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізілуде.