Шымкенттегі  «Металлург» спорт кешенінде волейболдан  қыздар  арасында  қалалық турнир өтті. Бәсеке Ұлы Отан соғысы кезінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын  тіккен Рахымжан Қошқарбаевты еске алуға арналып отыр. Оған волейбол спортын дамытуға үлес қосып отырған спорт мектебінің командалары қатысты.
 

Бүгінде  жас  спортшылардың  арасында елімізді  қорғаған  даңқты батырларымызды дәріптеу  күн  тәртібінен  түскен  емес. Рахымжан  Қошқарбаев жеңіс  туын  қадаған тарихи  сәт  қаншама  жылдар  өтсе  де  ел  есінде. Осы  орайда  Шымкенттегі  Металлург  спорт  кешенінде  еліміз  бойынша  жас  волейболшы  қыздар  бас  қосты. Шаршы  алаңда  бақтарын  сынап  жатқан жасөспірім  қыздар  бірінші  кезекте  Шымкент  қаласының  құрамасына  лайық  спортшыларды  анықтайды. Қазір осы бағытта  бірқатар  спорт  мектептерінің  басшылары  ауысты. Волейбол мектебінің жаңа басшылары бейімделгенше, бұл спорт түрінің деңгейін  білу  мүмкін  болмай  отыр. Осы  ретте Шымкент  қаласының 2008-09,   2010 жылғы туылган    жасөспірім  қыздар бақтарын  сынап, іріктеуден  өтуде.

 Іріктеу сайыстары кезінде Шымкент  қаласының №13  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінің «Металлург» командасы  жеңіліссіз келеді Аталмыш спорт  мектебінің  тәжірибелі  волейбол маманы Елена  Мотинаның  талантты  шәкірттері  ақтық  сынға  шығулары  мүмкін. Жеңімпаз атанған волейболшылар құрамаға мүше болап алынып  Республикалық жарысқа аттанады.


Илияс Жолдас