Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер бастаған халықаралық делегациямен кездесті. Сондай –ақ,  кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысып, екі ел арасындағы бауырластық, достықтың маңыздылығына тоқталды.

 Кездесу барысында делегация өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы таныстырылды. Облыс әкімі шетелдік қонақтарды елімізде өткен жылы пилоттық режімде 42 аудан және 3 қала әкімдерінің сайлауы, оның ішінде Түркістан облысы бойынша 4 аудан (Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара) әкімдерінің сайлауы өткендігі туралы және 2021 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізіліп жатқанын хабардар етті.

 Түркі әлемінің ортақ шаңырағына табан тіреген Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер бастаған халықаралық делегация бұл бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы университитетінің үлесі ерекше екенін атап өтті.

Ахмет Йенер, Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы
- Ясауи кесенесі орналасқан түркі әлеміне ортақ шарыраққа келгенімізге қуаныштымыз. Біз бауырларымыздың ысқыласына ерекше алғыс айтамыз.  Расында мәдени, тарихи қарым-қатынасты үздіксіз дамыта отырып, келер ұрпаққа өнеге етіп қалдыруымыз керек. Бұл бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы универтитетінің үлесі ерекше. Жастарымызбен кездесіп, тарихи өңірдің киелі мекендерін аралау жоспарда бар. Біз әрбір қазақ бауырымыздың бойынан біздің елге деген құрметті байқаймыз. Бұл – екі бауырлас ел арасындағы терең байланыстың белгісі. Өйткені рухымыз бір, түбіміз бір, тарихымыз ортақ.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.