Хабарландыру! 24 мамырда сағат 11:00-де бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Ерекшелігі, мұнда мемлекеттік қызмет істері саласына қызыққандар жұмыс таба алады. Іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырып отыр.

 Жәрмеңкеде қалалық Білім, Денсаулық сақтау, Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармалары мен аудан әкімдіктерінен бос жұмыс орындары ұсынылады. Жәрмеңке Бәйтереков көшесі №89 үйде, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өтеді.