Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионаты басталды. Аяқ доп додасына еліміздің 5 өңірінен мықты деген командалар қатысуда. Алғашқы турда БИІК Шымкент командасы ақтөбелік арулармен кездесті.  1-0 есебімен аяқталған ойын БИІКтің пайдасына шешілді.  

 Ел чемпионы атағы үшін «Ақтөбе», «БИІК-Шымкент», Көкшетау қаласының «Оқжетпес», Шымкенттің «Ордабасы», Түркістанның  «Томирис-Тұран» әйелдер футбол клубтары қатысуға ниет білдірген. Лига 4 айналымнан тұрады. Оның алғашқысы Шымкентте, кейінгілері Ақтөбе, Көкшетау және Түркістан қалаларында өтеді.

Қазақстан  Әйелдер лигасы аясында 20 тур және 40 матч жоспарланып, әр клуб  қарсыласымен төрт мәрте кездеспек. Турнир  Әйелдер кубогының қола жүлдегері «Ордабасы» мен түркістандық «Томирис-Тұран» арасындағы ойынмен басталды. Матчта  Шымкент қаласының қыздары 4-0 есебімен жеңіске жетті. Ал, БИІК Шымкент командасымен кездескен ақтөбелік арулар өте тартысты ойын көрсетті. Матчтың 40 минутында оң қанаттан жасалған шабуылға өзгелерден бұрын жеткен Гулнар Габелия баспен бағыттап қақапашыны қапы қалдырды. 1-0 есебімен аяқталған ойын БИІКтің пайдасына шешілді. Ендігі жанкүйерлер асыға күткен ойын Ақтөбе мен турнир кестесінің көшін бастап келе жатқан «Ордабасы»  командаларының арасында өтетін болады.