Шеңбері  қаланың қақ ортасын алып жатқан  Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымнан мәселе жоқ. Десекте халық қатысатын бюджетпен жүзеге асып жатқан жобаларға тұрғындардың ықыласы ерекше. Көшені жарықтандыру, ойын алаңдарын соғу жұмыстары қарқынды.

 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде, аудан әкімдігі тарапынан аудан бойынша  66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 114 камера орнату, 118 көшені жарықтандыру және 3 аумаққа гүлзарлар салу жоспарлануда.Сонымен қатар, 38 көшеге асфальт, 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салу көзделген.

 Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі,  қоқыс алаңшаларын жаңарту мақсатында 680 дана қоқыс контейнерлері орнатылыпты.Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-24 жылдары 34  жаяу жүргінші жолдардындағы тастары, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.