Шымкентте шомылу маусымы басталды. Аптап ыстықта мегаполистегі Бадам Ақсу  өзеніне сүңгіп алуға қызығатындар көп. Төтеншеліктер рұқсат етілмеген аймаққа шомылуға қатаң тиым салып отыр. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары жайында  арнайы баспасөз брифингі ұйымдастырылды.

 Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жыл басынан бері  су айдындарында республика бойынша 11 адамның суға бату оқиғасы орын алған. Ағын суға тұншыққандардың біреуі жас  бала. Абырой болғанда Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелмепті.

 Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы аквасаябақтар мен бассейіндер шомылу маусымында жұмыс атқарады. Десекте млн нан астам тұрғыны бар шаһарға шомылуға рұқсат етілген үш орын аздық ететіні анық.  

 Өткен жылы шымкентте рұқсат етілмсеген орында шомылып, қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 14 адамға айыппұл салынған. Биылда қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланады – дейді басқарма бастығы. 2024 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталған. Жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды үнемі жүргізіп отырады.