Салық мемлекет дамуының басты тетіктерінің бірі. Онымен еліміздің қазынасы толып отырады. Сол себепті салық міндеттемелерін уақытылы орындау маңызды. Десе де мегаполисте берешегі бар азаматтар қатары азаяр емес. Бір ғана Қаратау ауданында 5200 адам мүлік салығын төлемей келеді. Салықтан жалтарғандарға қандай шара көріледі?

Қаратау аудандық кірістер басқармасы мамандары мен жеке сот орындаушлар рейдте бас біріктірді. Олар Қаратау ауданына қарасты жеке тұрғын үйлерді аралап, қарызы бар азаматтарға ескерту жасады. 2021-2022 жылдардан қалған берешекті өтеу қажеттігі айтылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда қаратау ауданы бойынша 5200-ден астам жеке тұлғаның мүлік салығы бойынша 40 миллионға жуық берешегі бар. Айта кету керек, салықты уақытылы төлемеу, шоттарыңыздың бұғатталып, мүліктеріңіздің тәркіленуіне дейін әкелуі мүмкін. Сол себепті салаға жауаптылар салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.