Шымкентте өкпенің үшінші сатылы қатерлі ісігіне тіліксіз ота жасалды.  Мегополисте кіші инвазивті тәсілмен  жасалған бұл алғашқы ота. Бұл операцияның  ерекшелігі сол қатерлі ісікті мамандар  тіліксіз алап тастайды.  Операция  Ресей елінен келген  білікті  хирургтардың  қатысуымен өтті.

Жергілікті дәрігерлердің сөзінше мұндай дертке кіші инвазивті тәсілмен жасалатын хирургиялық емдеу шарасы қалада енді дамып келеді. Ота үстелінде жатқан науқастың кеселі асқанып, қатерлі дерттің 3 сатысына жеткен. Осы кезге дейін  онкологиялық орталықта  4 айдан бері арнайы химия терапиялық ем қолданып нәтиже болмаған соң  операция жасауға келісім берген. Ота сәтті өтіп, науқас тез ес жинаған. Айта кетейік, шет елдік мамандар жергілікті ақ халаттылармен бірлесіп тағы бірнеше адамға операция жасауды жоспарлап отыр. Тәжірибе жинаған жергілікті мамандар реконструктивті ем тәсілін меңгеріп, еліміздегі медицинаның дамуына үлес қоспақ ниетті. Семинар бірнеше күнге созылады. Сол аралықта 10-нан аса емделушуге операция жасау көзделіп отыр.