Қазығұрт ауданының барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Білім беру ұйымдарындағы оқу-жылын қорытындылау, іс-шараларды өткізу тұжырымдамасы бойынша биылғы соңғы қоңырауды өткізу 2 күнге жоспарланған. Тәрбие сағаты 71 білім ошағында сағат 9:00-де бір мезгілде басталды.

Қазығұрт ауданының барлық мектептерінің әр сыныбы жалпы бірыңғай сынып сағатына қатысты.  Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар 9, 11-сыныптардың түлектері үшін "Мен. Мектеп. Ұстаз" тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойлары туралы эссе жазады.  

 Жиын барысында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Ата-аналармен болған сұхбатта білім бөлімінің басшылары мектептердегі "Соңғы қоңыраудан" кейінгі түлектер кешінің өз бетінше жалғасып кетпеуін қадағалау жайы талқыланды.

 Сонымен қатар қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда. Мектеп бітіруші сыныптардың және кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қарауынсыз ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынатыны ескертілді.