Бірнеше айдың ішінде жігіт 21 тұрғынды екі доңғалақты темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жуық.

Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Ал, дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген. Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды. Әл-Фараби аудандық полция бөлімінің тергеушілері барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Қылмыстар сериясы үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.