Мегаполисте баспаналы болу талай адамның арманы. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 50 019 азамат тіркелген. Кезектен үміттенбей тірнектеп қаржы жинап жатқандар қаншама?

Үй кезегінде тұрған 50 мыңнан астам адам әр санатқа бөлінген. Мәселен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1907 адам. Көпбалалы отбасылар 14 063, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы –  17 625, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402.     2024 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында: 364 пәтер құрылысы жүргізілуде.  аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған.

 Ертерек жеке басналы болғысы келетіндерге жаңа жобалар ұсынылуда. Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.

2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталып, бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Оның ішінде: 1,2 - топ мүгедектігі бар азаматтар - 76; толық емес отбасылар -16; мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар - 49; бюджеттік мекеме қызметкерлері - 40; көпбалалы отбасылар - 30; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 7.