Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаевті білмейтін адам кемде-кем. Сазгердің ең танымал әні - "Нурикамал". Махаббат туралы бұл ән өмірден алынған.
Бүгінде ел арасына танылған "Нурикамал" әнінің шығу тарихы қызық. Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген. Ол кезде отбасының үш баласы болған.
Жаңадан құрылған «Назар» драмалық театры алғаш болып Шымкент қаласында дәл осы «Нурикамал» пьесасын көрермен назарына ұсынды. Әнге арқау болған бойжеткеннің есімі араб тілінен алынған: "Нури" - көрікті, "камал" кемеліне келген, толысқан сұлу дегенді білдіреді.Драмалық пьесаны тамашалауға келген көрерменнің қарасы көп.
Кәсіби жас мамандардан құрылған Назар театры гастрольдік сапармен қалаларды аралауды тоқтатпайды. Құрылғанына көп уақыт болмасада актерлық құрам көрерменнің көңілінен шығып жатыр дейді мамандар,бүгінде драмалық Назар театрында 10 актер бар.
Бұл әнді алғаш болып Құрман Шойымбеков орындаған. Кейін Фариза Оңғарсынованың сұрауымен "Нурикамалды" Кенжеғали Мыржықпай шырқап жүрген. Бүгінде бұл ән халыққа Жұбаныш Жексенұлының орындауымен танымал.