Биыл Шардар ауданындағы Сүткент ауылының құрылғанына тура 80 жыл толады.Көне көз қариялардың айтуына қарағанда атауының да өзіндік сыры бар екен.Кешегі соғыс жылдары дәл осы ауылда зауыт салынып,қой сүтінен ірімшік жасалған екен. Сүт өнімдері тікелей майданға жіберілген. Оған қоса Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ең бірінші сауда орталығы да осы ауылда болған екен. Тақырыпты ауыл ақсақалдарымен жүздесіп өткенге көз жүгіртіп қайтқан тілші тарқатады.

Соғыс басталғанда Сапархан атай бар жоғы 5-жаста болатын. Әкесі әскерге аттанған соң анасына демеу болып қалған.Соғыстан жараланып қайтқан әкесі елге келген соң мал бағып, шопан болады.Бала күннен қозы бағып,төлі етке өткізілген қойларды көгендеп,сауатын.Ауыл шетінде үлкен жер астынан қазылған 8 зауыт болатын.Сол жерде жер ауып келгендер сүттен ірімшік жасайтын.

 «Көксу» ауылы 1937 жылы құрылған екен. Кейін «Сүткен» ауылы құрылып, Сапархан қарияның әкесі баққан мал-мүлік түгел ауылдың қарауына өтеді. Ақсақал ес біліп етек жиған соң мектепті бітіріп,ауылда трактор көмекшісі болып еңбек бастапты. Кейні жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Содан зейнетке шыққанға дейін еңбек еткен. Ақсақалдың айтуына қарағанда қазіргі Алатау батыр ауылындағы базар кезінде дәл осы «Сүткен» совхозында болған екен. Сыр өзені арқылы ала тақиялы ағайын түйіншегін арқалап келіп үлкен базарда саудасын жасайтын болған.

Биыл «Сүткен» ауылының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Ауылдың жыл өткен сайын ажары кіріп,көркейіп келеді.Жолдар салынып, жарықшамдар орнатылып жатыр. Коммуналдық мәселелер де кезең-кезеңімен шемін тауып жатыр.

Аудандағы алғашқы құрылған ауыл ретінде мерейтойға қызу дайындық жүріп жатыр. Қара күзде торқалы той кезінде бірнеше алаңша мен спорт нысандар ашылады деп жоспарланып отыр.