Қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында елдің қорғаныс қабілетін күшейту – басты басымдықтардың бірі. Осы бағытта Шымкент гарнизонында әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі тұрақты түрде пысықталып, күнделікті бақылауға алынған. Қорғаныс министрлігі мен өңірлік қолбасшылық тарапынан әскери техниканың жай-күйі, жанар-жағармай қоры және жеке құрамның даярлығы жүйелі түрде тексеріліп отыр.
Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің жеке құрамы арнайы комиссия тексерісінен сәтті өтті. Тексеру барысында автокөліктер мен автобронетанк техникаларының техникалық жағдайы, сыртқы келбеті, сондай-ақ жүргізушілердің әскери билеттері мен тиісті рұқсат құжаттары мұқият бақыланды.
ҚАНАТ ҚАЛМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БРОНДЫТАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Техникалық ақау анықталған кезде бізге уақыт бееріледі. Сол кезде техниканы қайта қалыпқа келтіріліп комиссия мүшесіне хабарлаймыз. Бізде арнайы техникаларды жөндейтін адамдар бар. Сол алдамдардың жұмылдыруымен техникалар қалпына келтіріледі. Бізде техникалардың ұзын саны 208 техника бар осы 6506 әскери бөлімінде. Қазіргі таңда осы жерде және әскери бөлімнің паркінде тұр.
Қорғаныс министрлігінің талаптарына сәйкес, әскери автопарктердегі техниканың жауынгерлік әзірлігі тұрақты бақылауда болады. Кәсіби мамандар мен механик-жүргізушілер әрбір техниканың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жүргізеді.
ИДРИС ЧАУШОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Ұлттық ұланның бас қолбасшылығынан үлкен лизинг бойынша көмек көрсетілді. Соған байланысты бүгінгі таңда әскери бөлімнің есебінен 15 жуық автобронтанк есептен шығарылды. Келесіде арнайы мемлекеттік мекемелерге тапсырылатын болады.
ШЫМКЕНТТЕ 208 ӘСКЕРИ ТЕХНИКА БАҚЫЛАУДА
6506 әскери бөлімінің техникалық паркіндегі 208 бірлік техника тұрақты есепте тұр. Қажет болған жағдайда техникаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтіріледі. Сонымен қатар тозығы жеткен техникалар кезең-кезеңімен есептен шығарылып, жаңартылып отырады. Былтыр бөлімге 30 дана жаңа автобронетанк техникасы жеткізілген.