Жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау - Түркістанда жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жолы жасөспірімдер өз ойларын сөзбен емес, сурет арқылы жеткізді. Қоғамдағы өзекті мәселелер қылқалам тілімен плакат бетіне түсті.
Сурет салу байқауына 36 үміткер қатысып, олардың ішінен 15 жұмыс финалға өтті. Қатысушылар өз туындыларында жат әдеттердің зардабын, салауатты өмір салтының маңызын көркем бейнелеуге тырысты. Шығармалар арнайы көрмеге қойылып, қазылар алқасының назарына ұсынылды. Бағалау барысында мазмұны, тақырыпты ашу деңгейі және көркемдік шешімі ескерілді. Байқау соңында үздік жұмыстар анықталып, авторлар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.