Шымкенттің тарихы тұнған «Шым қала» кешені тағы бір маңызды ғылыми кездесудің орталығына айналды. Көне дәуірдің ізі мен бүгінгі зерттеулер тоғысқан бұл алаңда ғалымдар шаһардың терең қабаттарына үңіліп, жаңа деректермен бөлісіп жатыр. «Тарих қойнауындағы Шым қала» атауымен өтіп жатқан басқосу археология саласындағы тың ізденістерге жол ашуда.
Кешен аумағында табылған соңғы жәдігерлер зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ғалымдар әрбір артефакттың қала тарихын қайта жазуға ықпал ететін маңызды дерек екенін атап өтті. Сонымен қатар, музей ісі мен археологиялық бағыттағы тәжірибе алмасу да кеңінен қамтылып отыр.
ЖАНДОС ҚҰРБАН, ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бағдарлама аясында ғылыми конференция жалғасуда. Бұдан кейін қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, Шымкенттің тарихи және киелі орындарына саяхат жасалады.
Археология саласындағы жаңа деректер көпшілікке алғаш рет ұсынылып, қатысушылар үшін шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Мұндай форматтағы басқосулар тарихты тек зерттеп қана қоймай, оны жаңаша түсінуге мүмкіндік береді.
МАНСҰР САФАЕВ, ӨЗБЕКСТАН ТАРИХЫ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Біз қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз орта азияны мекендеген түбі бір түркі халықтармыз. Бізді ортақ мәдениет, салт-дәстүр ұқсастығы біріктіреді. Бүгінгі конференцияда біз қазақ ағайындармен пікір алмасып, музей ісі бағытындағы біліктілігімізді ұштадық.
Тарих пен бүгінді тоғыстырған «Шым қала» бүгінде тек музей емес, терең зерттеулер жүргізілетін маңызды ғылыми орталыққа айналып келеді. Алдағы уақытта да көне шаһардың құпиясын ашуға бағытталған жұмыстар жалғаса бермек.