Ағылшын тілін жылдап оқып, нәтиже көрмей жүргендер көп. Ал Шымкенттегі «Study Link» оқу орталығы тілді қысқа уақытта үйретудің “интенсив” атты жаңа тәсілін ұсынып отыр. Мұнда оқушылар күн сайын шетелдік мұғалімдермен сөйлесіп, ағылшын тілін практика арқылы меңгереді.


 Бұрын төрт айға созылатын курс енді бір жарым айда өтеді. Сабақ аптасына алты күн жүргізіледі. Оқушылар грамматикадан бөлек listening, reading, vocabulary бағыттарын қатар оқып, кейін speaking club-та натив спикерлермен тек ағылшынша сөйлеседі. Мұғалімдердің айтуынша, күнделікті практика тілдік қорқынышты жойып, еркін сөйлеуге көмектеседі.


 САНДУҒАШ СҰЛТАНОВА, АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Бала мысалы бізге бір жарым сағатқа практикалық сабаққа келеді.Бір жарым сағат бойы бала менімен грамматика өтеді. Listening, reading, vocabulary бәрін жасаймыз.Сосын бірден Speaking club-қа кіреді. Speaking clubта шетелдік мұғаліммен таза ағылшынша сөйлейді.Әр күні, әр түрлі тақырыптар болады.Ойындар ойнайды.Сосын үй жұмысын осы жақта аяқтап, бәрін тастай жасап үйлеріне қайтады.


 Оқу орталығы нарықта алты жылдан бері жұмыс істейді. Қазір Шымкентте жеті филиалы бар. Жаз мезгілі болса да, мұнда бес мыңнан аса оқушы білім алып жүр. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға және бір үйден бірнеше бала қатысса, арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Ясмина Эльхамова Study Link мектебінде 4 айдан бері оқып жатыр. Жазда интенсив бағдарламасы ашылады дегенді естіген ол бірден қатысуға өтініш білдірген. Енді Ясмина жазғы 3 айды бос жібермей, 2 бірдей деңгейді үйреніп шығады.


ЯСМИНА ЭЛЬХАМОВА, STUDY LINK ОҚУШЫСЫ

«Study Link»ке мен ақпаннан бастап келдім.Мен басқа курстан ауысып келген едім.Басқа курста менде нәтиже мүлдем болмаған еді.Осы жерге келген соң мен нәтижесін көре бастадым.Мен бұл жерде интенсив бр екенін білген соң, бірден ауысып кеттім.Интенсивта мен күнде келіп, Speakingта біз натив спикерлермен сөйлесеміз.


Орталық мамандарының айтуынша, интенсив формат оқушылардың тілді меңгеру жылдамдығын арттырып, аз уақыт ішінде нақты нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді. Білім алушылар үшін тиімді жағдай жасалып, оқу процесі тұрақты бақылауда. Орталық алдағы уақытта да заманауи әдістерді енгізіп, ағылшын тілін үйренуді қолжетімді әрі нәтижелі етуді көздеп отыр.