Шымкентте кәсіпқой бокс кеші өтпек. Негізгі мақсат - еліміздің жас боксшыларын касіби шындау.

 Бұл кешке Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тайланд және Монғолия мемлекетерінен спортшы келіп отыр. Еліміздің атынан 8 боксшы бақ сынайды. Олардың ішінде бокс кешінің басты жекпе-жегі отандасымыз Нұртас Төлебай мен Тайландық Анусон Тонглеан арсында өтеді.

Бокс кеші спортшылардың рейтинг дәрежесін көтеру үшін ұйымдастырылмақ. Оны шымкенттік спорт жанкүйерлері 8 маусым сағат 19:00-де «Көрме» орталығында тамашалай алады.