Футболдан Ел чемпионатының бірінші лига командаларының арасындағы тартыс қыза түсті. Алтын медальді жеңіп алуға үмітті командалар қатарында Жетісай қаласының аяқ доп шеберлері бар. Турнир кестесінің көшін соңғы турдағы ойындарын жеңіліссіз өткізіп келе жатқан Ақтаудың Каспий командасы бастап келеді. Олар соңғы турда Астана жастарын 2:0 есебімен жеңді.
Ал Жетісай қаласының Жетісай футбол командасы өз алаңында Қызылорданың Қайсар-жас командасын қабылдап жауапсыз 4- гол салды. Құрама сапында өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайбергеннің шеберлігіне жанкүйерлер разылығын білдіруде. Құрама команданың бас бапкері, Ордабасы командасында өнер көрсеткен тәжрибелі шебер ойыншы Ерлан Шойтымовтың басты мақсаты қалған ойындарды нәтижелі өткізіп Премерлигаға жолдама алу. Бірінші лигадағы ең мықты команда саналатын Арыс командасы Түркістан қаласының футолшыларымен күш сынасып жеңіліс тапты. Премерлигаға шығуға үмітті командалар қатарында Ұлытау командасы, Көкшетаудың ОҚжетпесі, Тараз қаласының командалары бар. Оралдың Ақжайығы төменгі орындардың біріне жайғасты. 8 турдан кейін үш қана ұпайға ие болған Қыран командасы турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.