Елімізде кей санаттағы азаматтардың несиесі есептен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпар таратты. Ақпан айында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы Заң күшіне енген болатын. Қазір бұл құқықты 385 мың отандасымыз пайдаланған көрінеді.
«Біз банктер мен микроқаржы ұйымдарының осы нормаларды орындаудағы жауапкершілігін қосымша қарастырдық. Егер олар несие алудан бас тартқан тұлғаларға қаражат берсе, банктер мен микроқаржы ұйымдары осы қарыздарды есептен шығаруға және кредиттік бюро жүйесінде аталған тұлғаларға қатысты теріс несие тарихын алып тастауға міндетті» – делінген хабарламада. Бұған дейін қаржылық қызметтерде тұтынушыларды қорғау мақсатында үкімет алдыңғы жылдың сәуір айында несиелік алаяқтықпен күрес тетіктерін енгізу бойынша жол картасын бекітті. Оның аясында қазақстандықтардың банктік несиелер мен шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тартау белгілері немесе алып тастау құқығы туралы түзету қабылданған еді.