Жасанды интеллект дәрігерлерді де нарықтан ығыстырып шығаруы мүмкін. Қазақстанда виртуалды докторды жасап шығарды. Жоба жетекшілерінің сөзінше, бұл робот диагноз қойып, тапсыруға тиісті анализдерді жазып бере алады.

Бұл қызмет CheckDoc платформасында жүзеге асуы мүмкін. Сервисті қолдану үшін сайтқа кіріп, денсаулығыңызға қатысты форманы толтыруыңыз қажет. Нейрожелі анализ жасап, басқа да ақпарат алу үшін сұрақтар қояды.

«Бұл - халыққа медициналық көмек көрсетудің жаңа қырларын ашатын жоба. Енді әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ жедел консультация алып, қажетті талдаулар бойынша ақпаратқа ие болады»

 Ағзадағы проблемаларға терең бойлаған нейрожелі 90 процент нақтылық бере алады. Жасанды интеллект медицинаның жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, адамның уақытын үнемдеп, айтарлықтай көмек көрсетеді. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай зерттеп, салаға өзгерістер енгізу қажет дейді. Қазіргі таңда медицина саласы IT-ге ең мұқтаж нишалардың бірі.