Қазақстанда біржыныстылардың қарым-қатынасын насихаттауға қарсы петиция 50 мың қол жинады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеп отыр.

E-Petition.kz сайтында жарияланған «Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз» петициясына жеткілікті қол жиналды. Енді бұл өтініш Үкіметте қаралатын болады. «Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады. Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады. Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін де ескертті.