Бұлақ суы дертке шипа. Көктөбе ана бұлақ емдік суы көптің көңілінен шығып отыр. Табиғи минералға бай тіршілік нәрін пайдаланып ауруынан айығып жатқандар көп. Емдік су жайында дәрігерлер не дейді? Тақырыпты тілші тарқатады.

Бұл емдік су кезінде Алматыдағы Республикалық Ішкі аурулар және кардиологиялық зерттеулер институтынан тексеруден өтіп, қорытындысын алған. Мамандар қасиетті су жүрек-қан тамырлары, асқазан, бауыр, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алуға таптырмайтын ем дейді. Сонымен қатар қант диабеті, зат алмасу, эндокриндік жүйе несеп жолдары секілді түрлі ауруларға шипалы екен. Мұны дәрігерлер де мойындап отыр.

Әсіресе егде тартқан адамдарда ағзаның әлсіреуі жиі байқалады. Себебі жас келе әр клеткада қышқылдық орта көбейеді. Бұл суды ішкен науқастар алғашқы нәтиже 15-20 күнде береді дейді. Өз тіртібімен пайдаланса, дертке дауасы зор. Өндірушілер «Көктөбе ана бұлақ» емдік ауыз суын Қазақстанның кез-келген жеріне жеткізіп беруге дайын. Емдік табиғи суды Шымкентте екі жерден алуға болады. Бірі Қазыбек би көшесіндегі 176 үйде, екіншісі Бекжан автобекеті маңында сатылады. Үйіңізге тапсырыспен алдыруға да болады. Ол үшін 8 776 767 91 01 немесе 8 705 485 74 01 номеріне хабарласыңыздар.