Кеңес Үкіметі кезінен қалалықтарға танымал сауықтыру кешені қайта жаңғырды. Нысан «Altyn gasyr» СПА орталығы болып ресми түрде ашылды. Мұнда тұтынушылар үшін заманауи технологиялармен жабдықталған кабиналар саны артқан. Мамандардың айтуынша, бұл жерде емдік шараларды алып қана қоймай, уақытты үнемдейсіз. 


Ғасырға жуық тарихы бар бұл моншаны білмейтін адам кемде-кем шығар. Ыстық бу бөлмесімен көпшіліктің көңілінен шыққан кешен ұзақ үзілістен кейін жаңарып, жаңғырып қайта іске қосылды. Күрделі жөндеуден өткен кешеннің кәріз жүйесі толықтай алмастырылып, жылуы заман талабына сай жүргізілген. Осы орайда, тұтынушылардың сұранысы бойынша ыстық бу бөлмелерінің құрылымы бұрынғысынша қалдырылыпты.  3 қабатты моншада ерлер және әйелдер залы, заманауи технологиялармен жабдықталған кабиналар, ыстық бу бөлмесі, бассейн, демалуға арналған орын бар. Заман талабына сай жаңғырған кешенде сауықтыру шараларымен қатар, емдік массаждың түр-түрі бар. Сондай-ақ келушілердің уақытын үнемдеу үшін әсемдік салоны соңғы тұтынушыға дейін қызмет көрсетеді.  Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған. Олардың көбі бұрынғы қызметкерлер. Тәніңізге тазалық сыйлап, демалғыңыз келсе, сапасы уақытпен дәлелденген «Altyn gasyr» сауықтыру кешеніне келіңіз! Мекен – жайы: Тәуке хан даңығылы 95.