Әскери қызметшілер Жаңаталап тұрғындарына көмекке келді. Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінің инженер-саперлері Бадам өзені арқылы өтетін уақытша көпір салды.

Жаңаталап тұрғын алабын қаламен байланыстыратын көпір жарамсыз болып қалуына байланысты, осы ауданның алты мыңнан астам тұрғыны Шымкенттен бөлініп қалды. Әскерилер тұрғындарға ұзындығы 10,5 метр болатын уақытша көпір орнатып берді. Нысанның жүк көтергіштігі 60 тонна.

Айта кетсек, ТММ-3 мақсаты бойынша ұзындығы 40 метрге дейін және тереңдігі 3 метрге дейінгі кедергілерден өтетін көпір өткелдерін орнатуға жарамды. Олар арқылы салмағы 60 тоннаға дейінгі доңғалақты және шынжыр табанды техниканы өткізуге болады.