Ауыл шаруашылығы саласында жаңа өнім дайындау үшін қажырлы еңбек пен бірнеше жылдар керек. Мамандар жаңа тұқым сұрыбын шығаруда түрлі тәжірибе жасап көреді. Осы ретте Сайрам мемлекеттік сорт сынау бөлімшесі үлгі алаңына айналған. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» ұйымдастыруымен Сайрам ауданында дала күні өтті.

Сайрам мемлекеттік сорт сынау бөлімшесінің тарихы 1939 жылдан басталады. Содан бері осы алқапта шетелдік талай дақыл түрі өңірімізге жерсінді. Қазір мұнда шетел оригинаторлары шетел селекциясы 300-ден астам дақыл сорты сынақтан өтуде. Бидай, арпа 2 жыл, көпжылдық шөптер 6 жыл, жеміс ағаштары 12 жыл сыналады. Осы жылдар арасында өсімдік өңіріміздің ауа райы, жер жағдайы, жергілікті зиянкестерге төзе білу керек.

Бидай астығы мен оның өңделген өнімдері басқа дәнді дақылдардың ішінде ерекше орын алады. Дән ұлпасы мен ақуызы ақ нан пісіруде, макарон өндірісінде ерекше маңызға ие. Сондықтан мұндай сынақ көпті қызықтырады. Сортты өндіру үшін оларды жерсіндіру маңызды.

Елдің әр аймағынан жиналған ауыл шаруашылығы мамандары тұқым сортын даярлау мен оны жерсіндіру және сынақтан өткі¬зу төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Егістік басына жи¬на묬ған қауым отандық және шетел селекциясының дәнді, дәнді бұршақ, майлы мал азығы дақыл-дарының селекциялық жетістіктерін тамашалап, елдің тұқым шаруашылығы саласында жұмыс істейтін фирмалардың тұсаукесер таныстырылымдарына куә болды.