Қалалық Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры өзінің қызықты қойылымдарымен және кәсіби сахна шеберлерімен көрермендерін тәнті етуді жалғастырып келеді. Бұл жолы театр әртістері Әділбек Тауасаровтың «Махаббат аралы» премьерасын сахналап, адам тағдыры мен табиғат арасындағы арпалысты талқыға салды.

 Махаббат аралы. Бұл қойылымда табиғат ана салған аралда, үш тағдыр мен табиғат иелері тоғысып азғындық пен махаббат оқиғасын бастан кешеді. Кейіпкерлердің оқиға желісі - бүгінгі қоғамның кескін-келбетін жасырмай, шынайы көрсетеді дейді басты рөлді сомдайтын Айна есімді бикеш.

Тұмса табиғат аясында махаббаттың нәзік пернесін жүрек қылымен тербеткен жас қыздың жанын жаралаған адам арқылы тағдыры мен табиғат арасындағы арпалысты талқыға салатын қойылымның көрерменге берері мол. Әсіресе жастарға.

 Қойылымда құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы бейнеленді. Сондай-ақ кейіпкер орманшы барынан айрылса да, даңқты дәрігердің дәл осы ашкөздігін кешіре алмай соңында опасыздыққа барды.